Аун: Израильдің журналистерді өлтірудегі мақсаты - өз қылмыстарын жасыру
ParsToday - Ливан президенті сионистік режимнің Оңтүстік Ливанға шабуылында ливандық журналистің шәһид болуына және тағы бір журналистің жаралануына өкініш білдірген мәлімдемесінде бұл қылмыстың мақсаты Израиль режимінің өз қылмыстарын жасыру екенін жариялады.
ParsToday хабарлауынша, Ливан президенті Джозеф Аун БАҚ қызметкерлерін әдейі және тікелей нысанаға алу Израиль режимінің Ливанға қарсы қылмыстарын жасыру әрекеті екенін айтты.
Ол бұл әрекеттер халықаралық құқық пен әдет-ғұрып бойынша жазаланатын адамзатқа қарсы қылмыс болып саналатынын және оларды тоқтату үшін халықаралық қауымдастықтың араласуын қажет ететінін атап өтті.
Аун ливандық журналист Амал Халилдің Әл-Тайри қаласында шәһид болуына байланысты «Әл-Ахбар» газетінің отбасы мен қызметкерлеріне көңіл айтып, онымен бірге келген тағы бір журналист Зейнаб Фарадждың тезірек сауығып кетуін тіледі.