Бітім келіссөздері – жеңіліске ұшырайтын үдеріс
(last modified Sun, 29 May 2016 10:27:53 GMT )
Maм 29, 2016 16:27 Asia/Almaty
  • Бітім келіссөздері – жеңіліске ұшырайтын үдеріс

Қоғамдық пікір мен палестиналық қарсыласу топтарының бітім келіссөздерін қайта бастауға талпынған әрекеттерге реакциясының жалғасында Палестинаның исламдық джиһад қозғалысы да Палестина автономды құрылымы мен сионистік режим арасындағы бітім келіссөздерін жеңіліске ұшырайды деп санайды.

Палестинаның исламдық джиһад қозғалысының аға қайраткерлерінің бірі Халед әл-Баташ сенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауында Құдстың жаңа интифазасы шәһидтерін еске алу рәсімінде: «Палестина автономды құрылымы мен сионистік режим арасында бітім келіссөздерін өткізуге бағытталған барлық талпыныстар жеңіліске ұшырайды»,-деді.

Әл-Баташ палестиналықтар үшін бітім келіссөздерінің пайдасыз екенін айтып: «Араб басшылары мен жауапты тұлғаларына бітім жасаудан бас тартып, Палестина қарсыласу қозғалысына қосылуға кеңес беремін»,-деп мәлімдеді.

Палестина автономды құрылымы мен сионистік режим арасындағы бітім келіссөздері АҚШ-тың арағайындығымен 2014 жылдың сәуір айынан басталып, сионистік режимнің саботаждық әрекеттері мен қалашық салуды жалғастыруы салдарынан тығырыққа тірелді.

Осындай жағдайда соңғы айларда Франция тарапынан бітім келіссөздерін қайта жандандыруға талпыныстар жасалды. Соның нәтижесінде 3 маусымда Парижде осыған қатысты отырыс өткізілетін болады.

Францияның жобасымен «Таяу Шығыс бейбітшілігі» деп аталатын келіссөздерді қайта бастауға бағытталған талпыныстардың жаңа кезеңі сионистік режимнің осы жобаны қабылдамаған жағдайында жалғасып жатыр.

«Таяу Шығыс бейбітшілігі» жобалары сионистік режимді қолдайтын Батыс елдері тарапынан немесе бітімшіл араб елдері тарапынан ұсынылып, осы режимнің мүддесіне орай жасалғанымен Израиль әдетте бұл жобаларды қабылдамайды немесе оны орындау жолында саботаж жасап, оған табандылық танытпайды.

Болмысы қатыгез әрі бейбітшілікке қарсы болғандықтан бұл режим әдетте бітім жобаларына оң шырай танытпайды. Сионистік режим бітім жобаларын өзінің Таяу Шығыстағы үстемшіл талаптарын толық қамтамасыз ете алмайды деп санайтындықтан осы келісімдерге табандылық танытпайды. Осы аяда Францияның жобасына негізделген бітім келіссөздерінің тағдыры да Мадрид пен Осло келісімдеріне негізделген, бірақ тоқтатылып, сәтсіздікке ұшыраған бітім келіссөздерінің тағдырына душар болады деп болжауға болады.

Францияның бейбіт жобасында Израиль режимін еврей мемлекеті ретінде тану, өздері мен тұрғын үйлері үшін өтемақы төлеу арқылы палестиналық босқындардың өз аудандарына қайтып оралу құқығын солғындату, Палестина қарсыласу қозғалысын қарусыздандыру мәселелері қарастырылған болатын.

Қастандыққа толы бітім үдерісі Батыс елдері тарапынан бейбіт шаралар желеуімен сионистік режимнің экспансиялық саясаттарын ілгерілетуге жағдай жасауға негіз болатындай жобаланып отыр. Бірақ сионистік режимнің әрекеті Батыс елдерінің осы жағдай жасауының өзі осы үстемшіл режимнің талаптарын қанағаттандырмайтынын, оның палестиналықтардан максималды деңгейде ұпай алып, олардың құқығын толығымен жоюды көздейтінін көрсетеді.

Сионистік режимнің қатыгез шараларының күшеюі бұл басқыншы режимнің бейбітшілікке қарсы екеніне шәк тудырмайды және оған қатысты бейбіт механизмдердің нәтиже бермейтінін көрсетеді. Шын мәнінде бітім келіссөздері қастандыққа толы мән-мағынасына байланысты палестиналықтар үшін теріс салдарларға ие болумен қатар, ондағы осал тұстарға байланысты ешқашан Палестина дағдарысын әділетті түрде шешуге қажетті әлеуетке ие болған емес. Бұл келіссөздердің қайта-қайта тығырыққа тірелуі Палестина дағдарысын шешуде бітім үдерісінің әсерсіздігін айқындай түседі.

«Таяу Шығыстағы бітім» қастандыққа толы жобалары тек АҚШ пен сионистік режимнің мүдделеріне сай дайындалғандықтан Палестина дағдарысын шешуде қауқарсыз және іс жүзінде Палестина дағдарысына қатысты жеңіліске ұшыраған жобаға айналды.