Ливан Хезболласының Бас хатшысы: Имам Хаменеи біздің жиһадымызды қолдады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i84498-Ливан_Хезболласының_Бас_хатшысы_Имам_Хаменеи_біздің_жиһадымызды_қолдады
ParsToday - Ливан Хезболласының Бас хатшысы былай деді: «Біз үшін илаһи нығметтердің бірі - имам Хаменеидің президент болған кезде Хезболланың істерін басқаруды өз қолына алып, басшылықты қабылдағаннан кейін біздің қажеттіліктерімізді ерекше көңіл бөліп қамтамасыз етуі, сұрақтарымызға жауап беруі және жиһадымызды қолдауы болды».
(last modified 2026-06-03T08:11:24+00:00 )
Маусым 03, 2026 12:07 Asia/Almaty
  • Ливан Хезболласының Бас хатшысы: Имам Хаменеи біздің жиһадымызды қолдады

ParsToday - Ливан Хезболласының Бас хатшысы былай деді: «Біз үшін илаһи нығметтердің бірі - имам Хаменеидің президент болған кезде Хезболланың істерін басқаруды өз қолына алып, басшылықты қабылдағаннан кейін біздің қажеттіліктерімізді ерекше көңіл бөліп қамтамасыз етуі, сұрақтарымызға жауап беруі және жиһадымызды қолдауы болды».

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ливандағы Хезболланың бас хатшысы Шейх Наим Қасем сейсенбі күні «Ғадир және қарсылық» тақырыбындағы екінші халықаралық конференцияға жолдауында: «Бүгін біз Исламдық қарсыласу құрылғаннан бергі американдық тиранның қолдауына ие балаларды, әйелдерді және ерлерді өлтіретін, үйлер мен фермаларды қирататын және адамдарды жерлерінен қуып жіберетін құбыжықпен бетпе-бет келіп отырмыз»,- деп жазды. 

Ол жолдауының жалғасында: «Ливан исламдық қарсыласуының жастары Израиль армиясының 90000-нан астам сарбазы мен офицерімен, дамыған құрлық, теңіз және әуе қаруларымен бетпе-бет келді. Американдық ұшақтар күн сайын оларға оқ-дәрілермен және қару-жарақтармен бұл қаруларды әкеледі»,- деп мәлімдеді

Ол жолдауда былай деді: «Біз үшін илаһи нығметтердің бірі - имам Хаменеидің президент болған кезде Хезболланың істерін басқаруды өз қолына алып, басшылықты қабылдағаннан кейін біздің қажеттіліктерімізді ерекше көңіл бөліп қамтамасыз етуі, сұрақтарымызға жауап беруі және жиһадымызды қолдауы болды».