Сауд режимі ирандықтардың қажылыққа баруына кедергі жасауда
Иранның Қажылық және зиярат істері жөніндегі ұйымы өз мәлімдемесінде Сауд режимінің қастандықтарын ирандықтардың қажылық рәсімдерге бара алмауының себебі деп атады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Қажылық және зиярат істері жөніндегі ұйымы жексенбі күні: «Сауд Арабиясы өз ақпарат құралдарының теріс үгіт-насихаттарымен қажылықты саяси мәселеге айналдырды. Осы негізде олар Иранмен араларындағы жыл сайынғы келісімінің мәтінін өзгертті. Сауд үкіметі қажылық пен қасиетті кесенелерді саяси тұрғыдан пайдаланып, ирандықтардың қажылық рәсімдерге қатысуына қарсылық білдірді.
Сауд үкіметінің қастандықтарының жалғасуына салдарынан ИИР-ның зияратшылары биыл қажылық рәсімдеріне қатыспайды. Бұл мәселеге Сауд Арабиясының үкіметі жауапты»,- деп баса айтты.
Ирандық зияратшылардың абыройы, ғиззаты мен құрметін сақтау, қажылардың қауіпсіздігіне кепілдік беру, қажылыққа аттанатын ирандықтарға консулдық қолдау көрсетуге мүмкіндік беру, қажылардың визаларын Иранның ішінде беру ирандық топтың қажылық келіссөздерінде қуаттаған ең маңызды мәселелері болды.