Аммар Хаким: Иранның шәһид көсемі жан-жақты тұлға болды
ParsToday - Ирак Ұлттық Даналық Қозғалысының жетекшісі Кербала және Наджаф қалаларында өтетін ИИР-ның шәһид болған көсемі аятолла Хаменеимен қоштасу рәсіміне қатысты былай деді: «Аятолла Хаменимен Ирактағы қоштасу тек бір елдің көшбасшысымен қоштасу ретінде емес, мұсылман мәржелерінің бірімен қоштасу рәсімі ретінде өтеді».
ParsToday IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ирак Ұлттық Даналық Қозғалысының басшысы Сейед Аммар Хаким ұлттың шәһид көсемімен қоштасу рәсіміне орай «Әл-Әлам желісі» арнасына берген сұхбатында оның саяси өмірінің қырларын, революцияның шәһид көсемінің ең маңызды сипаттамалары мен тұлғалық ерекшеліктерін, сондай-ақ оның Иран мен әлемдегі ықпалына тоқталды.
Ол былай деді: «Ислам революциясының шәһид көсемі жан-жақты болды және әртүрлі ғылыми, интеллектуалдық, әлеуметтік, мәдени, қауіпсіздік және саяси салаларда өз пікірін білдірген тұлға болды».
Ирак Ұлттық Даналық Қозғалысының жетекшісі шәһид имам аятолла Хаменеидің жан-жақты аспектісіне сілтеме жасай отырып: «Саяси аспект оның жеке басының бір қыры болғанымен, ол әртүрлі ғылыми, интеллектуалдық, әлеуметтік, мәдени, қауіпсіздік мәселелерін және саясатты қоса алғанда, басқа да салаларды қамтитын жан-жақты және көп қырлы тұлға болды.