Иран Кербалада лаңкестік жарылыс жасағандарды айыптады
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ирактың оңтүстігіндегі Кербалада лаңкестік жарылыс жасағандарды айыптады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Садық Хосейн Ансар Джабери сәрсенбі күні Кербаладағы лаңкестік әрекетте құрбан болғандардың жанұяларына, Ирак халқы мен үкіметіне көңіл айтып: «Лаңкестік пен экстремизмнің қоқан-лоққыларына қарсы тұру үшін Ирак халқының ұлттық бірлігі мен әлемдік қоғамның шынайы қолдауы қажет»,- деп баса айтты.
Ирактың Alsumaria ақпарат базасының мәліметі бойынша, сейсенбі күні Кербала қаласының әл-Музефин аймағында бомбамен жабдықталған көлік жарылысында 5 адам қаза болып, 11 адам жарақат алған.
ДАИШ лаңкестік тобы бұл жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алды.