Иран Ливандағы лаңкестік жарылысты айыптады
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бейрутте банкке жақын жердегі соңғы лаңкестік әрекетті айыптады.
ИРНА-ның мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хосейн Джабери Ансари дүйсенбі күні кешке Инстаграмдағы өзінің парақшасында жексенбі күні «Ливанда орын алған жарылыс елдің тұрақтылығын бұзу мақсатында іске асырылды»,- деп жазды.
Джабери Ансари ИИР Ливанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін және бұл елдің үкіметі мен халқының лаңкестікке қарсы күресін қолдайтынын қуаттауымен бірге Ливанның барлық топтары және саяси-діни басшыларынан қырағылық сақтап, елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін арттыруға талпынып, лаңкестік ағымдар мен олардың демеушілерінің жобаларын залалсыздандыруды сұрады.
Бейруттің батысындағы банкты нысанаға алған жарылыс Ливан астанасын алаңдатты. Бейруттың Фардон аймағында орын алған жарылыс салдарынан екі адам жарақат алды.