Маусым 18, 2016 14:54 Asia/Almaty
  • Израильдік әскерилер палестиналықтарды басып- жаншуды жалғастыруда

Сионист әскерилер қарсыласуды және Құдс интифазасын басып- жаншу үшін Палестинаның түрлі аймақтарына шабуыл жасады.

«Франц Пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, израильдік әскерилер жұма күні кешке Иордан өзенінің батыс жағалауында Калькилияның шығысында орналасқан Азун қалашығына шабуыл жасап, палестиналық жас азамат Хамза Абдолла Ависатты көлікпен басып, жаралады.

Израильдік әскерилер сондай- ақ осы шабуылда Хасан Уде (22 жаста) Махюб Осман Уде (19 жаста) және Мұхаммад Абдолла Ависат есімді өзге үш палестиналық жігітті де құрықтады.

Израильдік әскерилер сонымен қатар жаулап алынған Құдста бір палестиналық жігітті ұрлап әкетті.

Палестинаның түрлі аймақтары 2015 жылдың қазан айының бас кезінен сионистік режимнің шапқыншылық саясаты мен Бейт әл-Мұқаддастың болмысын бұрмалау астыртын әрекеті мен әл- Ақса мешітін уақыт пен мекен тұрғысынан бөлу жобасына қарсы палестиналықтардың жаппай наразылығына куә болып отыр. Сионистік режимнің шапқыншылығы мен қылмыстары Құдс интифазасының басталуына себеп болды.

Тегтер