Аятолла Собхани шейх Иса Ғасемнің азаматтығының күшін жоюды айыптап үндеу жариялады
Құм қаласындағы дінбасылардың бірі аятолла Собхани Халифе әулетінің бахрейндік мәртебелі діни қайраткер шейх Иса Ғасемнің азаматтығының күшін жою әрекетін айыптап, оны халықаралық қағидалар мен шариғат ережелеріне қайшы деп атады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі кешке хабарлауынша, аятолла Собхани үндеуінде: "Бахрейннің мазлұм халқы ұзақ жылдардан бері Халифе әулеті режимінің қатыгез шабуылдары мен басып- жаншу әрекеттеріне душар болып, Халифе әулеті Сауд әулетінің демеушілігімен күннен күнге бостандықтарды шектеп отыр.
Жүздеген жыл ұрпақтан ұрпақ ауысып, Бахрейн елінде ғұмыр кешкен халық сол жердің иесі. Ешкім оларды осы табиғи құқығынан айыра алмайды. Халифе әулеті режимі ақыл, шариғат және халықаралық заңдарға иек арту арқылы өз халқының құқығын құрметтеудің орнына қыру, қамау және азаматтықтан айырумен хақты талап еткендердің үнін өшіруді қалайды» деп мәлімдеген.