Маусым 25, 2016 15:01 Asia/Almaty
  • Әлемдік Құдс күні қарсаңында палестиналықтар әл- Ақса мешітіндегі жұма намазға ауқымды түрде қатысты

Сионистік режимнің жаулап алынған Құдс пен әл- Ақса мешітінің ауласы мен төңірегінде қатаң қауіпсіздік шараларын қолдануына қарамастан мүбәрак Рамазан айындағы әл- Ақса мешітіндегі үшінші жұма намазға 250 мыңнан астам адам қатысты.

Сионист жау басып алынған Құдс пен оның айналасы мен әл-Ақса мешітінің маңында қатаң қауіпсіздік шараларын қолданып, өзінің мыңдаған күшін осы қалаға орналастырып, тек жасы 45- тен асқан палестиналықтарға ғана әл- Ақса мешітіне келіп, жұма намазға қатысуға рұқсат еткен болатын. Сол себепті мыңдаған палестиналық әл- Ақса мешітіне кіруден және осы мешіттегі үшінші жұма намазға қатысудан мақұрым болды.

Қалай болғанда да мәліметтер палестиналықтардың мүбәрак Рамазан айындағы үшінші жұма намазға кең ауқымды түрде қатысқанын аңғартады. Осы тақырып қарсыласудың жалғасуын және палестиналықтардың табандылығын аңғартады. Олардың қарсыласуы сионистердің әрдайым кедергі келтіріп және түрлі шектеулер қою арқылы палестиналықтардың әл- Ақса мешітіне, әсіресе мүбәрак Рамазан айында ауқымды түрде келуіне бөгет жасау әрекетін сәтсіздікке ұшыратты.

Исламдық Оуқаф және әл- Ақса мешіті басқармасының бас директоры шейх Изам әл- Хатиб әл- Тамими 250 мыңнан астам палестиналықтың мүбәрак Рамазан айындағы үшінші жұма намазды әл- Ақса мешітінде оқығанын мәлімдеді.

Палестиналықтардың әлемдік Құдс күні қарсаңында өз саптарын бұрынғыдан көбірек нығайтуы қарсыласу мен палестиналықтардың табандылығының әсерлі белгілерінің бірі ретінде осы күннің біріктіруші рөлін тағы айқындады. Палестиналықтар ешқашан сионистік режимнің экспансистік әрекеттері мен үстемшілдігінің алдында, әсіресе Құдста берілуге әзір еместігін және ешқашан өз қасиеттіліктерін қорлауды қабылдамайтынын көрсетті. Палестиналықтардың бекем бел буып, тығыз саптарда әл- Ақса мешітінде өткен жұма намазға қатысуы олардың Құдс астанасы болатын палестиналық мемлекет құру негізіндегі өз армандарынан ешқашан бас тартпайтынын көрсетті. Палестиналықтардың соңғы апталарда Құдстағы жұма намазға ерлікпен қатысуы әлемдік Құдс күнінің палестиналықтарға өз көтерілісін жалғастыру үшін екі есе рух- жігер бергенін аңғартады. Бұл әлем жұртшылығының биыл да өткен жылдардағыдай әлемдік Құдс күнінің салтанатты түрде өтуіне куә болатындығын сүйіншілейді.

Палестина өзгерістері соңғы күндері әлемдік Құдс күнін атап өтуге қатысты ақпараттардың ықпалына бөленіп, имам Хомейнидің бастамасы болып табылатын осы күннің жетуімен палестиналықтар мен әлем мұсылмандары шерулер, түрлі жиындар және рәсімдер өткізумен Палестинаның арманын қолдап, Құдсты жаулап алған режимге деген жиіркеніш терінбілдіріп жатыр.

1979 жылы тамыз айының бас кезінде мүбәрак Рамазан айының 13- ші күні имам Хомейнидің мүбәрак Рамазан айының соңғы жұмасын әлемдік Құдс күні ретінде жариялау негізіндегі бастамасы әлемнің түрлі аймақтарында, әсіресе Палестинада Палестина жері мен Құдс шәріпті сионист басқыншылардың шеңгелінен босату үшін халықтық жаппай қозғалысқа себеп болып отыр.

Құдс күні антисионистік наразылықтар мен палестиналықтарға қатысты халықтық қолдаулар тарихындағы жарқын белес саналады. Сондықтан палестиналықтар мен әлем мұсылмандары осы рәсімді Палестина халқын қолдауда және үстемшілдікпен жауласуда халықаралық байланыста жаңа сахна ашқан ең әсерлі рәсім деп санайды.

Тегтер