-
Сейіт Хасан Насролла мұсылмандардың саудиялық бүлікпен күресуі қажеттігін қуаттады
Маусым 09, 2018 12:22Ливан Хезболласының бас хатшысы өткен жұма, яғни Дүниежүзілік Құдс күні Ливанның оңтүстігінде мыңдаған адамның алдында сөйлеген сөзінде: "Дұшпанның ең қауіпті қастандығы мақсаты Палестина мәселесін шешу, Құдс пен оның қасиетті мекендерінің басқыншы сионистік режимнің алдында берілуі болып табылатын "Ғасыр мәмілесі" атты америкалық жоспар саналады",- деп мәлімдеді.
-
Газа секторында сионистік әскерилердің оғынан 4 палестиналық шәһид болды
Маусым 09, 2018 09:28Палестиналық ақпарат көздері сионистік әскерилердің Газа секторындағы Құдс күнгі шеруге шыққан палестиналықтарға оқ жаудырып, олардың төртеуін шәһид еткенін хабарлады.
-
Палестиналықтар жұма намазынан кейін "Құдс миллиондары" атты шеруге шығады
Маусым 08, 2018 15:44"Оралу құқығы" және "Газа қоршауын бұзу" атты шерулердің ұлттық кеңесі Палестина халқын жұма намазынан соң "Құдс миллиондары" атты ауқымды наразылық шеруіне қатысуға шақырды.
-
"Оралу құқығы" шеруі – сионистік басқыншылыққа қарсы жаңа қарсыласу майданы
Маусым 06, 2018 14:52ХАМАС қозғалысы саяси кеңсесінің мүшесі Халил әл-Хие "Оралу және Газа қоршауын бұзу" шеруін сионистік басқыншылар үшін қашып құтыла алмайтын қорқынышты түс деп атап: "Біз әлемде біздің халықты қолдағандарға алғыс айтамыз, ал бізге қанжар салғандарды ұмытпаймыз. Дүниежүзілік Құдс күнгі шеруге әсерлі түрде қатысуды қалаймыз",-деді.
-
Газа секторындағы "Оралу құқығы" шеруінде 1 адам шәһид болып, 100 адам жараланды
Маусым 02, 2018 09:07Палестина ақпарат тарату орталығы жұма күні кешке Газа секторындағы "Оралу құқығы" атты үлкен шерудің оныншы жұмасында 1 адам шәһид болып, 100 адамның жараланғанын хабарлады.
-
Башар Асад: Трамптың сөзі – өзінің көрінісі
Maм 31, 2018 13:49Сирия Президенті АҚШ басшысының тіл тигізе сөйлегеніне реакция білдіріп: "Бұл сөздер – оның шынайы көрінісі. Мұндай сөздерді тек осындай адамнан ғана күтуге болады",-деді.
-
Башар Асад: Америкалық күштер Сириядан шығарылуы керек
Maм 31, 2018 13:40Сирия Президенті: "Америкалықтар Сириядан кетуі керек. Олар Иракта көрсетілген қатынастан сабақ алуы керек",-деп қуаттады.
-
Израиль Қарсыласу қозғалысының қатаң жауабына ашуланды
Maм 30, 2018 13:38Израильдің Юстиция министрі Палестина Қарсыласу Қозғалысының (ХАМАС) сионистік режимнің қылмыстарына берген жауабы мен базаларына 22 зымыран атқаннан кейін айтқан сөзінде Қарсыласудың жетекшілігіне соққы беру үшін барлық варианттардың қарастырылатынын, әсіресе Газаны басып алу тақырыбын күн тәртібінде тұрған мәселе деп атады.
-
Сионистік режим Газа секторына қарсы шабуылдарын қайта бастады
Maм 30, 2018 10:44Палестиналық дереккөздерінің мәліметі бойынша, сионистік режимнің әскери ұшақтары сәрсенбі күні таңертең Газа секторының солтүстік бөлімдерін бірнеше рет бомбалаған.
-
22 зымыранның атылуы – Палестина қарсыласуының сионистік режимнің шабуылшыларына қайтарған жауабы
Maм 29, 2018 10:40Палестинаның қарсыласу қозғалысы сионистік режимнің шабуылшыларына жауап қайтарып, бұл режимнің Газа секторына жақын жердегі базаларын 22 зымыранмен нысанаға алды.