-
Израиль Сауд Арабиясының тақ мұрагерін басып алынған Палестинаға іс-сапармен келуге шақырды
Жел 14, 2017 16:48Израильдің Барлау министрі Исраэль Кац саудиялық Elaph интернет газетіне берген сұхбатында Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бин Салманды Тель-Авивке ресми сапармен келуге шақырды.
-
Израильдің Газа секторына жасаған шабуылы шығын келтірген жоқ
Жел 14, 2017 15:58Сионистік режимнің қырғи ұшақтары бейсенбі күні таңертең Газа секторындағы әртүрлі нысандарға 10 реттен артық шабуыл жасап, Палестина исламдық қарсыласу (ХАМАС) және "Исламдық джиһад" атты екі қозғалыстың базаларын нысанаға алды.
-
Иран сионизммен күресу үшін бірлесу қажеттігін қуаттады
Жел 14, 2017 15:44ИИР Президенті Хасан Рухани кеше Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының төтенше отырысында АҚШ Президентінің Бейт ул-Мұқаддасқа қатысты бассыздық қатынасы себептерінің тамырына тоқталып, оны аймақтың кейбір елдерінің Құдсты басып алған режимге жақтасуға талпыныс жасауынан туындап отыр деп сараптады.
-
Ислам ынтымақтастық ұйымы Түркияның Стамбұл қаласында Бейт ул-Мұқаддасты қолдап мәлімдеме жасады
Жел 14, 2017 13:32Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырысына қатысқан елдердің басшылары Құдсты қорғау үшін қорытынды мәлімдеме жариялап, орталығы Құдс болып табылатын Палестина мемлекетін ресми түрде тану қажеттігін қуаттады.
-
Рухани: Стамбұл саммитіндегі бірлік мұсылмандарды Палестинаға қатысты үміттендірді
Жел 14, 2017 13:24ИИР Президенті Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырысының Стамбұлда өткізілгеніне алғыс білдіріп: "Бұл саммит әлем мұсылмандарын Палестинаға қатысты үміттендірді",-деді.
-
Ердоған: Израиль – басқыншы әрі террорист ел
Жел 14, 2017 13:02Түркия Президенті: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары бойынша, ешбір елдің Құдста елшілік ашуына құқығы жоқ",-деді.
-
Сауд режимінің Санаға әуе шабуылынан қаза тапқандар мен жараланғандардың саны артты
Жел 14, 2017 12:55Бір йемендік басшы саудиялық қырғи ұшақтардың Йеменнің астанасы Санадағы бір полиция бөлімшесі мен түрмеге жасаған шабуылынан қаза тапқандар мен жараланғандар санының 179 адамға жеткенін хабарлады.
-
Сауд әулетінің Израильге қатысты рөлі
Жел 14, 2017 10:21Сауд Арабиясы мен Құдсты басып алған режим ұзақ әрі ортақ тарих бойы саяси, әскери және экономикалық салаларда жасырын ынтымақтастықтарға ие болып, Сауд әулеті сионистік режимнің тіршілігі мен аймақтағы даму мақсаттарын ілгерілету саласында маңызды рөл атқарды.
-
Рухани ислам әлеміне АҚШ-тың Құдсқа қатысты шешіміне қарсы тұру үшін жеті ұсыныс жасады
Жел 13, 2017 18:16Иран Ислам Республикасының президенті Құдсқа қатысты АҚШ-тың теріс әрі заңсыз шешіміне қарсы тұру үшін ислам әлеміне жеті ұсыныс жасап: «АҚШ тек сионистердің мүдделерін алға тартып, палестиналықтардың заңды талаптарына құрмет көрсетпейді» - деді.
-
Рухани Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы басшыларының саммитіне қатысу үшін Стамбулға келді
Жел 13, 2017 13:42ИИР Президенті Құдс мәселесіне қатысты Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы басшыларының төтенше саммитіне қатысу кеше кешке Стамбулға келді.