Тәжікстан азаматтарының Ыстамбұлдағы лаңкестік шабуылдарына қатысы болған жоқ
Маусым 30, 2016 20:45 Asia/Almaty
Тәжікстан Сыртқы Істер Министрлігі Түркияның бір газетінің тәжік азаматтарының Ыстамбұлдың Ататүрк әуежайындағы лаңкестік шабуылдарға қатысты болуы туралы уәжін теріске шығарды.
Тәжікстан Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз хатшысы Вафо Ниятбеков Ыстамбұлдың қауіпсіздік саласының басшыларымен кездесуде олардың ешқайсының тәжік азаматтарының осы оқиғаға қатыстылығын растамағанын айтты. Түркияның «Меллият» газеті Ыстамбұлдың Ататүрк әуежайында болған қанқұйлы шабуылдарға Тәжікстанның үш азаматының қатысты болуы туралы уәж айтқан болатын.