Иранның Америкаға экспорты 80 есе артты
Шіл 14, 2016 16:58 Asia/Almaty
Иранның Кеден ұйымы Иранның Америкаға тауар экспортының өткен үш айда былтырғы жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда 80 есе артқанын мәлімдеді.
Иранның Кеден ұйымы тарапынан жарияланған мәліметтерге сәйкес, биылғы жылдың алғашқы үш айында Иранның Америкаға экспорты 256 тоннаға тең болған. Иранның Америкаға экспорттайтын тауарларының көбін жүн төсеніштер, көкөністер, азық-түлік өнімдері мен кептірілген шөп-шалам мен бисквиттер құрайды. Иранның Кеден ұйымының мәліметтеріне сәйкес, биологиялық белсенді қоспалар мен құрылыс материалдары және мал азығына арналған қосымшалар сынды өнімдер биылғы жылдың бірінші тоқсанында Америкадан Иранға импортталған.
Тегтер