Америкада Ираннан ауыр су сатып алуға тыйым салатын жоба бекітілді
Американың Өкілдер палатасы Ираннан ауыр су сатып алуға тыйым салатын жоба бекітті.
Рейтер ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Американың Өкілдер палатасы сәрсенбі күні Ираннан ауыр су сатып алуға тыйым салатын заңды 249 оң және 176 теріс дауыспен бекітті. Оң дауыстың көбі Американың Өкілдер палатасында басым орынға ие республикашылдарға тиесілі болды.
Барак Обаманың үкіметі сәуір айында 8,6, миллион долларға Ираннан ауыр су сатып алынады деп мәлімдеген болатын. Республикашылдар Обама үкіметінің бұл әрекеті Иранның ядролық бағдарламасына көмектеседі деген уәж айтқан болатын. Бұл қаулы жүзеге асырылуы үшін Сенат парламентінің мақұлдауы мен президенттің қол қоюын қажет етеді.
Ақ Үй бұдан бұрын заң шығарушылардың Иранға қарсы Америка Конгресіне ұсынған жуырдағы жобаларына қарсылық білдіріп: "Америка президенті Барак Обама "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзатын жобаларға вето құқығын қолданады" деп қуаттаған болатын.