Иранның ауыр суының АҚШ-қа сатылғаны расталды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i11263-Иранның_ауыр_суының_АҚШ_қа_сатылғаны_расталды
Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы: «АҚШ-қа сатылған Иранның ауыр суы бір айдан кейін осы елге жеткізіледі»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 17, 2016 09:23 Asia/Almaty
  • Иранның ауыр суының АҚШ-қа сатылғаны расталды

Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы: «АҚШ-қа сатылған Иранның ауыр суы бір айдан кейін осы елге жеткізіледі»,-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы Бехруз Камалванди сенбі күні телебағдарламада бірнеше күн бұрын Иранның 32 тонна ауыр суынан тұратын жүктің америкалықтарға аттандырылғанына тоқталып: «АҚШ-тың уәдеге берік болмауы мен бұл елден ақша алу тәсіліне қатысты алаңдаушылыққа байланысты АҚШ-қа ауыр су сату келісіміне өзгерістер енгізіліп, бұл жүктің ақысы алынғаннан кейін ғана ауыр су америкалықтарға берілді»,-деп мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Камалванди: «Ауыр су электр стансасында да, зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында да қолданылады. АҚШ Конгресі Ираннан ауыр су сатып алуға тыйым салғандықтан бұл ел Ираннан ауыр су сатып ала алмаған жағдайда оның орнын басатын елдер болуы үшін бүгінде 3-4 елмен келіссөз өткізді»,-деді.