Зариф Нигерия Президентімен кездесті
Иран Сыртқы істер министрі мен Нигерия Президенті кездесіп, екіжақты қарым-қатынас, аймақ пен әлемдегі маңызды өзгерістер мен мәселелер жөнінде сұхбаттасты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нигерия Президенті Мұхаммад Бухари дүйсенбі күні Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифті қабылдауында: «ИИР-ның аймақ пен әлемде қауіпсіздік орнату үшін жасап жатқан талпыныстары мен рөлі алғыс айтуға тұрарлық»,-деді.
Нигерия Президенті Иранның техника, технология және экономика салаларындағы жетістіктеріне тоқталып: «ИИР бір өнімге арқа сүйеген ел емес, сол себепті Нигерия үшін осы салада жақсы үлгі болып отыр»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі де осы кездесуде Иран мен Нигерияның байланыстарын кеңейтудің маңыздылығына тоқталып: «Иран Нигериямен екі елдің де дұшпаны болып табылатын Боко Харам мен басқа да лаңкестік топтармен күресте әріптестік жасауға дайын»,-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф Африканың батысындағы 4 елге сапарының жалғасында дүйсенбі күні кешке Гананың астанасы Акраға ат басын тіреді.