Калифорнияның 20 мың тұрғыны өрт апатынан қашып үлгерді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i11779-Калифорнияның_20_мың_тұрғыны_өрт_апатынан_қашып_үлгерді
Лос-Анджелестің солтүстігіндегі ормандарда от жалындарының өрістеуімен осы аймақтың 20 мыңға жуық тұрғыны өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 26, 2016 16:17 Asia/Almaty
  • Калифорнияның 20 мың тұрғыны өрт апатынан қашып үлгерді

Лос-Анджелестің солтүстігіндегі ормандарда от жалындарының өрістеуімен осы аймақтың 20 мыңға жуық тұрғыны өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Американың Калифорния штатында осыдан төрт күн бұрын басталған өрт жергілікті басшылардың 20 мың тұрғынға осы аймақты тастап кетуге бұйрық беруіне себеп болды. Қатты желдің соғуы мен күннің ыстығы салдарынан Лос-Анджелес пен Сан-Франциско қалаларына жақын 130 шаршы шақырым аймақты шарпыған от жалыны ондаған тұрғын үйді жалмады. 3000 өрт сөндіруші тілсіз жауды әлі ауыздықтай алмай отыр.