АҚШ демократтарының конвенциясы өтіп жатқан жерде Израильдің туы өртелді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i11821-АҚШ_демократтарының_конвенциясы_өтіп_жатқан_жерде_Израильдің_туы_өртелді
Сионистік режимнің туы АҚШ-тың Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында демократтар конвенциясы өтіп жатқан ғимараттың сыртында өртелді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 27, 2016 11:43 Asia/Almaty
  • АҚШ демократтарының конвенциясы өтіп жатқан жерде Израильдің туы өртелді

Сионистік режимнің туы АҚШ-тың Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында демократтар конвенциясы өтіп жатқан ғимараттың сыртында өртелді.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, америкалық наразылар сейсенбі күні АҚШ-тың Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында демократтардың ұлттық конвенциясы өтіп жатқан ғимараттың сыртында сионистік режимнің туын өртеп, «Жасасын интифаза!» деген ұрандар айтты.

Америкалық наразылар, сондай-ақ, конвенциясы өтіп жатқан ғимараттың қоршауында ілінген Демократтар партиясының партияішілік сайлауының бұрынғы үміткері Берни Сандерсті демеушілердің жарнамаларын өртеп жіберді.

АҚШ-тың Демократтар партиясы сейсенбі күні Филадельфия қаласында 68 жастағы Хиллари Клинтонды осы партияның атынан 8 қарашада АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға үміткер етіп тағайындады.

Осылайша,  Хиллари Клинтонның аты бір үлкен партияның атынан АҚШ-тағы президенттік сайлауға үміткер алғашқы әйел ретінде осы елдің саяси тарихына енді.

Дональд Трамп та өткен аптада республикашылдардың басқосуында Ақ үйге жету жолындағы ақтық сайысқа қатысатын осы партияның үміткері болып ресми түрде таныстырылды.