Шіл 31, 2016 16:45 Asia/Almaty
  • АҚШ әскерилерінің Мосулды азат ету амалдарына қатысуына қарсылық білдірілді

Ирактың Қорғаныс министрі Халед әл Убейди АҚШ-тың кейбір қайраткерлерінің осы ел әскерилерінің Мосулды азат ету амалдарына қатысатындығы туралы сөздеріне реакциясында: «Ирак Мосулды азат ету үшін АҚШ әскерилерінің қатысуын қажет етпейді», деді.

Ирактың Қорғаныс министрі «Мосул тек Ирак күштерінің талпынысымен азат етіледі»,‑деп мәлімдеді. Осыдан бұрын АҚШ армиясы ортақ штабының қолбасшысы Джозеф Вотел: «АҚШ пен оның одақтастары Мосулды азат ету амалдарына қатысуға дайындалып жатыр»,‑деп айтқан болатын.

Ирак Қорғаныс министрінің шетелдік күштердің, соның ішінде АҚШ әскерилерінің Мосулды азат ету амалдарына қатысуына кесімді түрде қарсылық білдіруі Ирактың батысындағы Фаллуджаны ДАИШ‑тың басқыншылығынан азат етудегі әсерлі тәжірибеге негізделіп айтылған. Фаллуджа стратегиялық қаласы бір айға жуық уақыт бойы армия, әл‑Хашд әл‑Шааби, көшпелі тайпалар және Ирактағы лаңкестікпен күресуші күштердің әріптестігімен ДАИШ лаңкестерінен тазартылды. Фаллуджа майданындағы тәжірибе ирактықтарға саяси бірлік пен әскери күш тұтастығының Ирактағы ДАИШ‑ты жоюдың ең жақсы тәсілі екенін көрсетті. Мұнда шет елдердің, соның ішінде АҚШ‑тың пайдакүнем саяси уәделері қажет емес. Ішкі күш‑қуат – ирактықтар үшін сенімді тірек. Соған сүйеніп олар өз елінің қиындықтарын шеше алады. Ирактың саяси және әскери сахналарда сәттілікке жетуіне қажетті нәрсе – саяси бірлік пен біртұтастық.

Бұл Фаллуджа майданында расталып, ирактық күштердің қуатын еселендірді. Осы жергілікті әсерлі тәсіл Ирактың батысындағы ДАИШ‑тың негізгі базасын халыққа қайтарды. Бүгінде Ирактың батысында тыныштық пен қауіпсіздік орнады. Ирактың босып кеткен халқы өз үйлеріне қайтып оралуда.

Фаллуджа майданының тәжірибесін қайталау Мосулды азат ету амалдарын сәттілікке жеткізеді. Нейнава облысының орталығы 2014 жылдың 10 маусымында «баастық‑даиштық» қастандық барысында жеңіліс тапты. Содан бері Мосул халқы қаланың ДАИШ қылмыскерлерінің қолынан азат етілуін асыға күтуде.

ДАИШ‑тың Мосулда қолданған ережелері қала халқының тіршілігін қиындатып жіберді. Мосул халқының Ирактың үкіметі, қауіпсіздік күштері мен полициясына қойып отырған талабы – қаланы азат ету амалдарының басталуын тездету және ДАИШ‑ты жою. Халықтық күштер Фаллуджа майданында  Ирак армиясы мен әл‑Анбар облысындағы көшпелі тайпалармен бірге ДАИШ‑пен соғысты, сондықтан олардың қатысуы Мосулды азат ету амалдарын жеңілдетеді.

Ирак Премьер-министрі Хайдер әл‑Абадидің жуырдағы бұйрығымен біртұтас әрі тәуелсіз Ирактың дұшпандарына Хашд әл‑Шааби күштеріне айып тағып, сылтау іздеуге мүмкіндік берілмейтін болды. Хайдер әл‑Абадидің бұйрығы бойынша, халықтық күштер Премьер-министрге бағынышты ресми күш саналып,  қолбасшы, қолбасшының орынбасары, батальон мен кеңседен тұратын болады. Ирак Премьер-министрінің бұйрығы бойынша, халықтың ерікті күштері осы елдің лаңкестікпен күресуге арналған күштері саналып, қарумен жарақталып, дайындықтан өтеді.

Халықтық күштердің базаларын нығайту Ирактың шекараларын қорғауда осы күштердің әсерлілігі мен тиімділігінен хабар береді. Халықтық күштерге сену Ирактың территориялық тұтастығын қамтамасыз етеді. Ирактың Премьер-министрі елдің барлық күштерінің әскери күш‑қуатының жиынтығын назарға ала отырып, 2016 жылдың аяғын ДАИШ‑тың Ирактағы белсенділігінің аяқталатын мезгілі деп мәлімдеді.

Тегтер