Әзірбайжан республикасында тағы бір мешіт жабылды
(last modified Sun, 31 Jul 2016 17:04:21 GMT )
Шіл 31, 2016 23:04 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан республикасында тағы бір мешіт жабылды

Баку үкіметінің исламға қарсы саясатының жалғасында Әзірбайжан республикасында тағы бір мешіттің жабылғаны хабарланды.

Мешітті басқарушылар тобының төрағасы Фаэқ Мұстафа «Азатлық» радиосына берген сұхбатында мешіттің жақсы жағдайда болғанын қуаттап, оны күрделі жөндеуден өткізу дегенді мешітті жабу үшін алғышарт әзірлеу деп атады. Баку үкіметі бұрын осы мешіттің атауын «Ләзгиден» «Ашурби» деп өзгерткен еді. Осыған ұқсас шарада 2008 жылы Баку қаласындағы «Шәһидтер» мешіті де күрделі жөндеуден өткізу желеуімен жабылып қалған болатын. «"ƏHLİ-BEYT.az» сайтының мәлімдеуі бойынша Бакудегі «Шәһидтер» мешіті Кавказ мұсылмандары діни басқармасы төрағасының мешітке имам тағайындауына қарамастан әлі жабық. Осы мешіт Бакудегі «Шәһидтер» көшесінде бейіттерді зиярат етушілерге қызмет көрсететін.

Тегтер