Камбоджаның үкімет басшысы Американы Таяу Шығыстағы қақтығыстардың себепкері деп атады
Шіл 31, 2016 23:11 Asia/Almaty
Камбоджаның үкімет басшысы Хун Сен Американы Ирак пен Таяу Шығыстағы басқа елдердегі қанқұйлы қақтығыстардың себепкері деп атап:
"АҚШ демократия мен адам құқығын жақсарту деген желеумен Таяу Шығыс елдеріндегі қақтығыстарды өршітіп отыр. Осы қақтығыстар күніне жүздеген мың адамның жанын алып, миллиондаған адамды еуропалық елдерге босқындатып отыр. Бұл қате саясаттың салдары болып табылады. Қателік жасаушы – Америка» деді.
Камбоджаның үкімет басшысы Американың Иракқа жасаған шабуылының мұнайға бай осы елді қанқұйлы қақтығыстардың батпағына тартып отырғанын айтты.