Ресей әскерилерінің соңғы тобы Тәжікстанның оңтүстігінен шығуы ықтимал
Ресейдің әскери дереккөздері Тәжікстанның оңтүстігіндегі Қорғантөбе қаласында бекінген Ресей әскерилері тобының осы аймақтан шығып, ел астанасының төңірегіне ауыстырылуы ықтимал деп хабарлауда.
Тәжік тіліндегі радионың Ресейдің «Газета» басылымына сілтеме жасап, жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Ресей армиясының Тәжікстандағы 201- ші базасында құрылымдық өзгерістердің жария болуымен, ондағы күштердің қазіргі 7000 адамнан 5000 адамға қысқартылуынан кейін Душанбе қаласының маңындағы Оңтүстік Хатлон облысына қарасты Қорғантөбе қаласына орналастырылған әскерилер тобын ауыстыру ықтималы күшейіп отыр.
Бұдан бұрын да Тәжікстанның Куляб қаласында орналастырылған Ресей армиясының 201- ші базасына қарасты құрлық күшінің басқа бір тобы Душанбенің маңына көшірілген болатын.
Осындай ауыстыру әрекеттері мынадай жағдайда орын алып отыр: Мәскеу мен Душанбенің келісімі бойынша қақтығыс күшейіп, Ауғанстанның солтүстігінен Тәжікстан жеріне лаңкестік топтардың кіру қаупі төнген кезде Куляб және Қорғантөбе қалаларында бекінген бөлімшелер осы ел армиясы мен шекарашы күштеріне көмекке келуі тиіс.