Палестиналықтарға қарсы Израильдің геноцидтік саясаты айыпталды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i12385-Палестиналықтарға_қарсы_Израильдің_геноцидтік_саясаты_айыпталды
Америкадағы сионистік режимді палестиналықтарға қарсы генодицпен айыптаған нәсілшілдікке қарсы бір қозғалыстың ресми мәлімдемесі сионистік режимді қолдайтын топтардың ашу-ызасымен бетпе-бет келді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 06, 2016 19:09 Asia/Almaty
  • Палестиналықтарға қарсы Израильдің геноцидтік саясаты айыпталды

Америкадағы сионистік режимді палестиналықтарға қарсы генодицпен айыптаған нәсілшілдікке қарсы бір қозғалыстың ресми мәлімдемесі сионистік режимді қолдайтын топтардың ашу-ызасымен бетпе-бет келді.

«Россия сегодня» интернет торабының мәліметі бойынша, «Қаранәсілділердің жаны маңызды» деп аталатын қозғалыс өткен аптаның дүйсенбі күні өзінің саясттарын ресми түрде жариялаған. Онда көптеген жайттар, соның ішінде Американың сионистік режимге беретін қаржылай және әскери көмектері сынға алған.

Осы мәлімдемеде палестиналықтардың жерлерін жаулап алғанына көп жылдар болған сионистік режим әскери тұрғыдан дискриминация жасаушы деп аталды. 

Америкадағы нәсілшілдікке қарсы қозғалыстың мәлімдемесінде осы елдің үкіметінен апартеид тәсілімен сионистік режимге жасап жатқан қолдауларын тоқтату сұралып, Америка палестиналықтарға қарсы геноцидте серіктес деп аталды.

Америкадағы нәсілшілдікке қарсы қозғалыстың мәлімдемесінде «Израиль апартеид режиміне негізделіп құрылды. Бұл ел палестиналықтарға қарсы дискриминацияны қолдауда 50-ден астам заң бекітті» деп жазылған. Палестиналықтар күн сайын израильдіктердің тексеру пунктінің орталықтарынан өтуге мәжбүр. Олардың құрылысының қаржысын америкалықтар қамтамасыз еткен.