Әзірбайжан Республикасының діни қызметкерлері мен ғалымдары Руханимен кездесті
Әзірбайжан Республикасының діни қызметкерлері мен ғалымдары Бакуде ИИР-ның Президенті Руханимен кездесті.
Иран Президенті жексенбі күні түстен кейін Бакуге сапарының жалғасында Әзірбайжан Республикасының діни қызметкерлері және ғалымдарымен кездесіп: «Ислам, Құран мен Пайғамбар әулеті Иран мен Әзірбайжан Республикасы халықтарын байланыстырып келеді. Ортақ дін мен мәдениет екі елдің арасында сенім орнап, әріптестіктің жасалуына жағдай тудырды»,-деді.
Рухани исламның атымен жік салып, лаңкестік жасауды исламнан үркіту саясаты аясындағы қастандық деп атап: «Басқалар бақуатты өмір сүріп, дамып жатқан жағдайда мұсылмандардың бір-біріне қарсы шығып, араларында қайшылық пен қырып-жоюдың орын алуына жол бермеу керек»,-деді.
Иран Президенті исламның қауіпсіздік пен бауырластық діні екенін айтып: «Бүгінде ислам ғұламаларына ауыр міндет жүктелген: олар қоғамды идеологиялық ауытқудан құтқарып, исламның шынайы келбетін таныстыру арқылы әлемде жапа шеккен барлық халықтар мен мұсылмандарға көмектесуі тиіс»,-деп баса айтты.
Рухани шиіттер мен сүнниттердің бауыр әрі ислам әлемі деген жанұяның бір мүшесі екенін айтып: «Иран әрқашан ұстамды исламды іс жүзінде түсіндіріп, жарнамалап келеді. Ислам – ұстамдылық, әділеттік пен кешірім діні және мұсылмандар мен жапа шеккендерге көмектесуге асығады»,-деп қуаттады.