Пәкістанның Белуджистан штатында болған лаңкестік жарылыстан ондаған адам қазаға ұшырады
(last modified Tue, 09 Aug 2016 01:08:40 GMT )
Там 09, 2016 07:08 Asia/Almaty
  • Пәкістанның Белуджистан штатында болған лаңкестік жарылыстан ондаған адам қазаға ұшырады

Пәкістанның Белуджистан штатының орталығында болған қуатты жарылыстан ондаған адам өліп, жараланды.

Дүйсенбі күні таңертең Пәкістанның оңтүстік батысында орналасқан Белуджистан штатының орталығы Кветта қаласында ауруханада болған лаңкестік жарылыстан шамамен 52 адам қаза болып ондаған кісі жараланды. Осы лаңкестік шабуылдан қаза тапқандардың арасында екі тілші мен бірнеше заңгер бар. Жараланған 20 адамның жағдайы мүшкіл деп хабарлануда. Сол себепті құрбан болғандардың саны артуы ықтимал.

Кветта полициясы лаңкестік шабуыл орын алған кезде елдің көптеген заңгерлерінің мәйіті осы ауруханаға жеткізілген Кветта заңгерлерінің бірінің өлтірілуіне наразылық білдіріп, осы емдеу орталығына жиналғанын мәлімдеді.

Әзірше ешкім немесе ешбір топ осы екі лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін мойындарына алған жоқ.

Тегтер