Иран Пәкістанның Кветта қаласында болған лаңкестік жарылысты айыптады
(last modified Tue, 09 Aug 2016 08:28:11 GMT )
Там 09, 2016 14:28 Asia/Almaty
  • Иран Пәкістанның Кветта қаласында болған лаңкестік жарылысты айыптады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Пәкістанның Кветта қаласында болған лаңкестік жарылысты айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани кеше, дүйсенбі күні өзінің пәкістандық әріптесі генерал-лейтенант Насырхан Джанджуяға хат жолдап, Пәкістанның Кветта қаласында болған лаңкестік жарылысты айыптап, осы жарылыс салдарынан көп адамның қаза болғанына байланысты осы елдің үкіметі мен халқына көңіл айтып, оқиғада құрбан болғандардың жанұяларының қайғысына ортақтасты.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы лаңкестік ойлар, жазықсыз жандарға соққы беріп, ислам болмысының бұзылуына себеп болатын ойлардың қалыптасуы мен таралуының тамырларымен жан-жақты күресу қажеттігіне тоқталып: «Халықаралық қауымдастықтың лаңкестік топтарды қаржылай және қару-жарақпен қамтамасыз ету және жаңа мүше қабылдау жолдарын жабу үшін шынайы талпыныс жасамайынша терроризмді жоюға үміттенуге болмайды»,-деп баса айтты.

Дүйсенбі күні таңертең Пәкістанның Белуджистан штатының орталығы Кветта қаласындағы «Сул» ауруханасында болған жарылыс салдарынан 90 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Пәкістандағы Талибан тобының «Жамағат ул-Ахрар» деп аталатын бір тармағы осы лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін өз мойнына алды.

Тегтер