Там 13, 2016 14:39 Asia/Almaty
  • БҰҰ Израильді сынады

БҰҰ сионистік режимді палестиналықтардың үйлерін жаппай қиратуына байланысты сынады.

«Франц Пресс» ақпарат агенттігінің Рамалладан хабарлауынша, БҰҰ- ның гуманитарлық істер бюросы жұма күні сионистік режимнің биыл өткен жылмен салыстырғанда жаулап алынған Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Бейт әл- Мұқаддастың шығысында палестиналықтардың үйлері мен нысандарын қиратуды арттырғанын хабарлаған.

БҰҰ- ның гуманитарлық істер бюросы сондай- ақ, 2016 жылдың басынан қазірге дейін 726 ғимараттың қиратылып, 1020 адамның босқындап кеткенін хабарлады.

Сионистік режим осы үйлер мен нысандарды салуға рұқсат етілмеген деген желеумен, бірақ шын мәнінде Палестинаның демографиялық құрамын сионистердің пайдасына өзгерту негізіндегі Израильдің саясаты бағытында қиратып жатыр.

 

Тегтер