Америкалықтар өз үкіметінің Израильге көмектесетіндігіне шағымданды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i12814-Америкалықтар_өз_үкіметінің_Израильге_көмектесетіндігіне_шағымданды
Вашингтонда орналасқан «Таяу Шығыс саясаты» атты зерттеу институты Ақ үйдің сионистік режимге қаржылай көмектесетіндігіне шағымданды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 14, 2016 10:14 Asia/Almaty
  • Америкалықтар өз үкіметінің Израильге көмектесетіндігіне шағымданды

Вашингтонда орналасқан «Таяу Шығыс саясаты» атты зерттеу институты Ақ үйдің сионистік режимге қаржылай көмектесетіндігіне шағымданды.

Вашингтонда орналасқан «Таяу Шығыс саясаты» зерттеу институты өз шағымдарын дайындап: «АҚШ-тың Израильге көмегі 40 жылдық бір заңды бұзады. Бұл заң АҚШ-қа Ядролық қаруларды таратуға тыйым салу хаттамасына қосылмаған саяси режимдерге қаржылай көмектесуге рұқсат бермейді»,-деп мәлімдеді.

АҚШ үкіметі 1976 жылы Қару-жарақ экспортын бақылау және халықаралық қауіпсіздікке көмектесу туралы заң қабылдады. Сол даң бойынша атқарушы орган Ядролық қаруларды таратуға тыйым салу хаттамасына қосылмаған ядролық елдерге қаржылай көмек бере алмайды.

«Таяу Шығыс саясаты» зерттеу институты осы шағым хатты дайындау арқылы Вашингтонның сионистік режимге әшкере түрде көмектесуінің осы заңды бұзатынын дәлелдеді.

Бұл көмектер Израиль ядролық қаруға ие болып, Ядролық қаруларды таратуға тыйым салу хаттамасына қол қоймаған жағдайда жасалып отыр.

Осы шағым хатты дайындаған «Таяу Шығыс саясаты» зерттеу институтының директоры Грант Смит осындай заңбұзушылықтың АҚШ Президенті Барак Обаманың кезінде де жалғасқанын мәлімдеді.   

Айта кету керек, АҚШ қару-жарақты бақылау заңы күшіне енгеннен бері сионистік режимге құны 234 млрд долларды құрайтын қаржы берді.

АҚШ-тың саяси және ақпараттық орталары да АҚШ-тың сионистік режимге қайтарымсыз жылдық ресми көмектерінің осы елдің басшылары жариялайтын сомадан әлдеқайда көп екенін мойындап отыр. АҚШ-тың сионистік режимге қайтарымсыз жылдық ресми көмектері қазіргі таңда  3 млрд-дан астам долларды құрайды.

Осындай жағдайда АҚШ-тың өткен парламенттік сайлауына үміткер болған америкалық саясаткер Марк Данкоф жуырда: «АҚШ үкіметі жылына Израильге әртүрлі тәсілмен 10 млрд доллар береді»,-деді.

АҚШ-тың Израильге көмектері АҚШ-тың шетелдерге берілетін көмектерінің басым бөлігін құрайды. Басым бөлігі әскери көмек болып табылатын АҚШ-тың Израильге көмектері сионистік режимнің экспансиялық және соғыс отын өршіту саясаттарын жалғастыруда ерекше рөл атқарады.

АҚШ-тың Израильге орасан зор көлемдегі қаржылай және әскери көмектері АҚШ-тың өз заңдары бойынша заңсыз деп саналатын жағдайда ұсынылып отыр. Өйткені осы елдің экспорт туралы заңында АҚШ-тың қару-жарақ немесе қаржылай басқыншы әрі қатігез мақсаттарға қолданатын режимдерге әскери көмек ретінде беруге тыйым салынған.

Ойландыратын нәрсе мынада: АҚШ халқы соңғы жылдары ауыр экономикалық қиындықтарға ұшырап отырғанына қарамастан АҚШ үкіметінің америкалық салық төлеушілердің қалтасынан алып, Израильге беретін көмектерінің көлемі сәл де болса азайған жоқ, керісінше көмектің көлемі   әртүрлі тәсілдермен арта түсті.

АҚШ халқы ел басшыларының АҚШ-тың мүддесін сионистік режиммен байланыстыратындығына және осы басқыншы режимге орасан зор қаражат жұмсайтындығына қатты наразы. Шын мәнінде бұл ақша америкалық салық төлеушілердің қалтасынан алынады.

Халықаралық өзгерістер әлем халықтарының сионистік режимге жиренішінің артқанын, осы басқыншы әрі адамзатқа қарсы режимнің халықаралық сахнада бұрынғыдан да көбірек оқшаулана түскенін көрсетеді. Сионистік режимге қарсы наразылықтар толқыны осы режимге демеушілік жасайтын Батыс елдеріне, әсіресе АҚШ-қа да таралды. Осы салада АҚШ халқы әртүрлі тәсілдермен, соның ішінде  сионизмге қарсы шерулер өткізу, АҚШ-тың Израильге қаржылай көмектеріне қатысты шағым хат жазу арқылы АҚШ қайраткерлерінің сионистік режимді қолдайтындығына наразылықтарын білдіруде.