Там 19, 2016 16:57 Asia/Almaty
  • Ресей Иран және Түркиямен Сирия туралы сындарлы келіссөздерді қуаттады

Ресей СІМ- нің ақпарат хатшысы осы елмен Иран және Түркия арасында Сирия туралы өтіп жатқан үш жақты келіссөздерді сындарлы деп бағалады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей СІМ- нің ақпарат хатшысы Мария Захарова бейсенбі күні Мәскеуде тілшілерге берген сұхбатта Ресей, Иран және Түркияның Сирия мен аймақ дағдарысын шешу туралы келіссөздерін тиімді және әсерлі деп атады.

Ресей СІМ- нің ақпарат хатшысы сондай- ақ осы елдің Америкамен келіссөзі туралы айтқан сөзінде Мәскеу мен Вашингтонның Сирия туралы бірлескен әрекетінің маңызды кезеңге енгенін мәлімдеді. 

Ол Ресей мен Түркияның Сирия тақырыбына қатысты көзқарас айырмашылығы жөнінде де: "Келіспеушіліктерді бір күнде шешу мүмкін емес, бірақ қазіргі байланыстар үміт ұялатады" деді.

 

Тегтер