Зариф Иран мен Кубаның ортақ экономикалық отырысында сөз сөйледі
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф: «Иран мен Куба халықтарының қарсыласуы үстемшіл елдерді түсіністікке итермеледі»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Кубаның астанасындағы Nacional de Cuba қонақ үйінде Иран мен Кубаның ортақ экономикалық отырысының ашылу рәсімінде: «Иран мен Куба халықтарының қарсыласуы үстемшіл елдерді түсіністікпен қарауға, тіпті сөз жүзінде де жауластық саясаттардан бас тартуға мәжбүрледі.
Қазіргі таңда Иранға қарсы санкциялардың жойылуы мен Кубадағы жағдайдың өзгеруін екі елдің қарым-қатынасын кеңейту үшін пайдалану үшін қолайлы мұрсат туындап отыр»,-мәлімдеді.
Мұхаммад Джавад Зариф Иранның мемлекеттік және жеке секторларындағы экономикалық және саяси жоғары мәртебелі делегациясының Кубаға келуін ИИР-ның Куба және Латын Америкасы елдерімен ежелгі мықты қарым-қатынасына аса зор маңыздылық береді деп бағалады.
Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Куба үкіметі мен халқына ауыр кезеңде Иранды қолдағаны үшін алғыс айтып: «Иран мен Куба АҚШ-тың әділетсіз санкцияларынан зардап шекті, алайда бұл санкциялар екі ел халықтарының табандылығы мен беріктігінің артуына себеп болды»,-деді.