Италияда зілзаладан 38 адам қаза болды
(last modified Wed, 24 Aug 2016 14:41:16 GMT )
Там 24, 2016 20:41 Asia/Almaty
  • Италияда зілзаладан 38 адам қаза болды

Италияда болған 6 балдық зілзаладан 38 адам қаза болды.

Италияның азаматтық қорғаныс ұйымының ақпарат хатшысы зілзаланың Рихтер бағамы бойынша 6 балдық қуатпен сәрсенбі күні таңертең Умбрия мен Лацио облыстарының арасында орын алғанын мәлімдеді.

Жер асты дүмпуі салдарынан адам шығыны санының артуымен Италияның үкімет басшысы Маттео Ренци ұлттық төтенше жағдай жариялады.

«La Repubblica» газетінің жазуынша зілзаланың күшті болғаны соншама, Италия астанасы Рим қаласындағы кейбір ғимараттар да қозғалған.

Құтқарушы топтардың мәйіттер мен үйінділердің астарында қалғандарды табу жолындағы талпыныстары жалғасуда.