Иран президенті Италияның үкімет басшысына көңіл айтты
ИИР президенті Италияның үкімет басшысына жолдауында осы елдің бір топ азаматының бірнеше күн бұрын болған зілзалада қаза табуына байланысты көңіл айтты.
ИИР президенті Хасан Рухани бейсенбі күні Италияның үкімет басшысы Маттео Ренциге көңіл айтқан жолдауында Иран халқы мен үкіметі атынан Италия үкіметі мен халқының, әсіресе зілзалада құрбан болғандардың отбасыларының қайғысына ортақтастық білдіріп: «Осы қиын сәттерде Иран халқы мен үкіметі бұрынғыдай Италия халқының жанынан табылады» деді. Сәрсенбі күні Италияның орталық аймақтарында орын алған 6,2 балдық жер сілкінісінде 247 адам көз жұмды. Италия қайраткерлері саны белгісіз адамдардың үйінділердің астында қалғанын және осы оқиға құрбандарының саны артуы мүмкіндігін ескертуде.