Иран мен Әзірбайжан республикасының жоғары деңгейлі делегацияларының бірлескен отырысы өтті
(last modified Tue, 23 Feb 2016 16:30:28 GMT )
Ақп 23, 2016 22:30 Asia/Almaty
  • Иран мен Әзірбайжан республикасының жоғары деңгейлі делегацияларының бірлескен отырысы өтті

ИИР президенті Теһран мен Баку байланысын стратегиялық және шынайы деп атады.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани бүгін сейсенбі күні Теһранда Иран мен Әзірбайжан республикасының жоғары деңгейлі делегацияларының бірлескен отырысына осы елдің президенті Илхам Әлиевпен бірге қатысып, Иран мен Әзірбайжан республикасының байланысын стратегиялық және шынайы деп атап, екі елдің қарым- қатынасын жан- жақты кеңейтуді, күшейтіп, нығайтуды қуаттады.

ИИР президенті Әзірбайжан республикасының Иран халқының ядролық тұрғылары мен құқығын әрдайым қолдағанына сілтеме жасап: «Иран ислам республикасының принципті саясаты көрші елдерді қорғау болып табылады. Жер тұтастығын сақтап, көршілермен ынтымақтастық жасау Иран үшін маңызды тақырып.

Иран ислам республикасының көзқарасы бойынша, Каспий теңізі көршілермен арадағы достық теңізі болып табылады. Осы негізде ортақ ынтымақтастықтарды кеңейту үшін екі ел арасында жақсы келіссөздер өтті.

Ислам - әсірешілдік пен қатыгездікке қарсы дін. Мұсылман елдері өздері үшін де, өзге елдер үшін де исламның рақымдылық жолдауын жеткізе білуі керек» деді.

Әзірбайжан республикасының президенті Илхам Әлиев те осы отырыста Иранға сапармен келгеніне ризалық білдіріп, екі ел байланысының мақтанышпен ілгерілеп келе жатқанын баяндап: «Иран мен Әзірбайжан республикасы өткен жылдары байланысты кеңейтуде көңіл аударарлықтай жетістіктерге жетті. Екі елдің басшылары осы байланыстарды барлық салалар мен деңгейлерде тереңдетудің жолдарын іздестіруде» деді.

Тегтер