Тәжікстанда Ресейдің алғашқы экспорт орталығы тіркелді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i13921-Тәжікстанда_Ресейдің_алғашқы_экспорт_орталығы_тіркелді
Ресейдің экспорт орталығының өкілдігі Тәжікстанда ресми түрде тіркелді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 03, 2016 15:20 Asia/Almaty
  • Тәжікстанда Ресейдің алғашқы экспорт орталығы тіркелді

Ресейдің экспорт орталығының өкілдігі Тәжікстанда ресми түрде тіркелді.

Ресей экспорт орталығының қоғамдық қатынастар бөлімі осы өкілдікті Тәжікстанда ашудағы мақсатын сауда серіктестерін табу, әріптестік жасау, екі елдің жеке секторлары арасында келіссөздер өткізу, Тәжікстан тарапына ресейлік компаниялардың қабілеттерін таныстыру деп атады. Осы әріптестіктер аясында ресейлік экспортерлер Тәжікстанмен қаржы саласында ынтымақтастық жасайтын екі ресейлік банктің қаржылай көмегіне үміт арта алады. Тәжікстандағы Ресей экспорттық орталығы өкілдігінің директоры Дмитрий Прохоренко: «Мәскеу – Тәжікстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Қазіргі таңда Ресей Тәжікстандағы өз орнын нығайтып, екіжақты ынтымақтастық деңгейін жоғарылату үшін  талпыныс жатыр»,-деп қуаттады.