«Мұхаммад (с.ғ.с) – Алланың елшісі» фильмі Ресей мұсылмандарының кино фестивалінде көрсетіледі
«Мұхаммад (с.ғ.с) – Алланың елшісі» фильмі осы туындының режиссері Маджид Маджидидің қатысуымен Ресей Федерациясының Татарстан республикасының астанасы Қазан қаласында өтетін мұсылмандардың халықаралық кино фестивалінде көрсетіледі.
«Мұхаммад (с.ғ.с) – Алланың елшісі» фильмі қыркүйек айының 5 күні Мәскеудегі ИИР-ның елшілігі жанындағы Мәдени орталық пен Қазан мұсылмандарының халықаралық кино фестивалі хатшылығының серіктестігімен орыс тіліндегі титрмен Татарстанның үш кинотеатрында жұрт назарына ұсынылады. Сонымен қатар осы фильмді Ресейдің әртүрлі қалаларындағы кинотеатрларда қою ИИР-ның алдағы мәдени бағдарламаларының күн тәртібіне енгізілді.
Қазан мұсылмандары киносының бір апталық фестивалінің мақсаты бейбітшілік пен кешірім және ымыраны халықаралық тұрғыдан кеңейтіп, халықтар арасында дискурс орнату үшін жетінші өнерді пайдаланып жаңа тәсілдерді баяндау деп жарияланды.