Ғасеми: Мина апатын халықаралық деңгейде қарастыру үдерісі жалғасуда
(last modified Mon, 05 Sep 2016 12:13:50 GMT )
Қыр 05, 2016 18:13 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Мина апатын халықаралық деңгейде қарастыру үдерісі жалғасуда

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Мина апатын халықаралық деңгейде құқықтық тұрғыдан қарастыру үдерісінің жалғасып жатқанын айтты.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми тілшілермен өткізген хабар брифингінде Мина апатына байланысты атқарылған істер туралы баяндап, Иран СІМ-де басқа органдардың серіктестігімен халықаралық деңгейде тақырыпты қадағалайтын комитеттің құрылғанын айтып: «Өткен бір жылда Мина апаты әр қырынан қарастырылды. Ұсынылған шешім жолдарының бірі құқықтық аспект болды. Осы салада халықаралық және ирандық құқықтанушылармен кеңесулер өтті» деп мәлімдеді. Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы аймақта лаңкестікпен күрес туралы да пікір білдіріп: «ИИР өзін лаңкестіктің құрбаны санайды. Сол себепті Иран осы сұм құбылыспен күресте алдыңғы шептен көрініп отыр» деді.