Еуропадағы қауіпсіздік және серіктестік ұйымының өкілдері Қарабақ байланыс линиясын бақылайтын болды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i14236-Еуропадағы_қауіпсіздік_және_серіктестік_ұйымының_өкілдері_Қарабақ_байланыс_линиясын_бақылайтын_болды
Әзірбайжан республикасының Қорғаныс министрлігі Еуропадағы қауіпсіздік және серіктестік ұйымының Қарабақ байланыс линиясында атысты тоқтату бітімін бақылайтынын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 08, 2016 21:57 Asia/Almaty
  • Еуропадағы қауіпсіздік және серіктестік ұйымының өкілдері Қарабақ байланыс линиясын бақылайтын болды

Әзірбайжан республикасының Қорғаныс министрлігі Еуропадағы қауіпсіздік және серіктестік ұйымының Қарабақ байланыс линиясында атысты тоқтату бітімін бақылайтынын хабарлады.

Еуропадағы қауіпсіздік және серіктестік ұйымының өкілдері Қарабақтың алғы шебін аралап көргенде ешқандай қақтығыстың немесе қалыптан тыс жағдайдың орын алмағанын мәлімдеді. Олар бұл хабарды Әзірбайжан республикасы мен Армения бір-бірін атысты тоқтату бітімін бұзумен айыптаған жағдайда жариялап отыр.

Армения мен Әзірбайжан республикасының Қарабақ мәселесі бойынша кикілжің 1988 жылы басталып, 1992 жылы әскери қақтығысқа айналды. 1994 жылдың мамыр айынан бастап, тараптардың арасында атысты тоқтату бітімі орнатылғанымен Еуропадағы қауіпсіздік және серіктестің ұйымының Ресей мен Франция және Америка бірлесіп басқаратын Минск тобы кикілжіңді шешу үшін осы уақытқа дейін нәтижеге жеткен жоқ