Иран мен АҚШ-тың кемелері арасындағы текетіреске реакция білдірілді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i14359-Иран_мен_АҚШ_тың_кемелері_арасындағы_текетіреске_реакция_білдірілді
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы: «Ирандық кемелер тиісті дайындықтан өтіп, халықаралық заңдарды білетіндіктен осы уақытқа дейін тіпті бірде-бір заңбұзушылық жасамады»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 11, 2016 10:53 Asia/Almaty
  • Иран мен АҚШ-тың кемелері арасындағы текетіреске реакция білдірілді

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы: «Ирандық кемелер тиісті дайындықтан өтіп, халықаралық заңдарды білетіндіктен осы уақытқа дейін тіпті бірде-бір заңбұзушылық жасамады»,-деді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Мохсен Резаи кеше, сенбі күні Парсы шығанағы аймағында Иран мен АҚШ-тың кемелері арасындағы жуырдағы текетіреске реакция білдіріп: «Ирандық кемелер жақсы дайындалып,  халықаралық заңдар мен стандарттарды білетіндіктен мемлекеттік ұйымдар қабылдайтын теңіз ережелері аясында әрекет етеді»,-деді.

Мохсен Резаи Иранның өзінің ұлттық теңіз шекараларын қорғайтынын қуаттап: «Осы уақытқа дейін орын алған қателіктер америкалықтар тарапынан болды, өйткені олар Парсы шығанағы аймағында болуға жеткілікті дайындықтан өтпеген»,-деді.  

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы, сондай-ақ АҚШ пен Ресейдің Сирия дағдарысын тоқтатуға бағытталған бейбіт жобасы туралы: «Сирия үкіметі мен халқы тарапынан қолдауға ие болмаған кез-келген бейбіт ұсынысты қабылдауға болмайды, өйткені Сирия үкімет мен халқы рөл ойнайтын бейбітшілік қана тұрақты болмақ»,-деп баса айтты.