Иран мен АҚШ-тың кемелері арасындағы текетіреске реакция білдірілді
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы: «Ирандық кемелер тиісті дайындықтан өтіп, халықаралық заңдарды білетіндіктен осы уақытқа дейін тіпті бірде-бір заңбұзушылық жасамады»,-деді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Мохсен Резаи кеше, сенбі күні Парсы шығанағы аймағында Иран мен АҚШ-тың кемелері арасындағы жуырдағы текетіреске реакция білдіріп: «Ирандық кемелер жақсы дайындалып, халықаралық заңдар мен стандарттарды білетіндіктен мемлекеттік ұйымдар қабылдайтын теңіз ережелері аясында әрекет етеді»,-деді.
Мохсен Резаи Иранның өзінің ұлттық теңіз шекараларын қорғайтынын қуаттап: «Осы уақытқа дейін орын алған қателіктер америкалықтар тарапынан болды, өйткені олар Парсы шығанағы аймағында болуға жеткілікті дайындықтан өтпеген»,-деді.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы, сондай-ақ АҚШ пен Ресейдің Сирия дағдарысын тоқтатуға бағытталған бейбіт жобасы туралы: «Сирия үкіметі мен халқы тарапынан қолдауға ие болмаған кез-келген бейбіт ұсынысты қабылдауға болмайды, өйткені Сирия үкімет мен халқы рөл ойнайтын бейбітшілік қана тұрақты болмақ»,-деп баса айтты.