Салехи: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының талабы – ауыр суды сату
https://parstoday.ir/kz/news/world-i14389-Салехи_Ортақ_қадам_жан_жақты_бағдарламасының_талабы_ауыр_суды_сату
Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи сенбі күні кешке Иранның 2-арнасының «Арнайы сұхбат» ақпараттық бағдарламасында Иранның ауыр су қорының 130 тонна болуы тиістігін тілге тиек етіп: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында ойластырылғандай, 130 тоннадан асатын ауыр су сатылуы тиіс. Егер сатып алушы болмаса, бұрынғыдай қоймада сақталуы керек.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 11, 2016 18:45 Asia/Almaty
  • Салехи: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының талабы – ауыр суды сату

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи сенбі күні кешке Иранның 2-арнасының «Арнайы сұхбат» ақпараттық бағдарламасында Иранның ауыр су қорының 130 тонна болуы тиістігін тілге тиек етіп: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында ойластырылғандай, 130 тоннадан асатын ауыр су сатылуы тиіс. Егер сатып алушы болмаса, бұрынғыдай қоймада сақталуы керек.

Иранның ауыр суын АҚШ-қа сату туралы сөз болғанда Иран өндірілген ауыр суды сақтап, қорға жинау үшін Оманға жіберіп, америкалықтардың сенімін арттыруды көздеді»,-деді.

Салехи Оманға тасымалданған ауыр су көлемінің шамамен 70 тонна екенін, жақын болашақта оның қалған бөлігінің Ресейге жіберілетінін айтып: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы Иранға қойылған талап – ауыр суды сату»,-деді.

Иран Президентінің орынбасары, сондай-ақ, С-300 зымырандық кешенінің  Форду ядролық нысанының айналасына орналастырылуын маңызды жолдау деп атап: «Форду – Иранның ядролық өнеркәсібінің символы. Ол табиғи тұрғыдан жеткілікті деңгейде мықты бекіністерге ие»,-деді.