Иран АҚШ-тың жуырдағы қастандықтарына реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i14431-Иран_АҚШ_тың_жуырдағы_қастандықтарына_реакция_білдірді
ИИР Қарулы күштерінің хатшысы АҚШ-тың Иранға қарсы қастандықтары мен осы мемлекеттің кемелерінің Парсы шығанағындағы жуырдағы әрекеттерін арандатушылық деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 12, 2016 10:45 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың жуырдағы қастандықтарына реакция білдірді

ИИР Қарулы күштерінің хатшысы АҚШ-тың Иранға қарсы қастандықтары мен осы мемлекеттің кемелерінің Парсы шығанағындағы жуырдағы әрекеттерін арандатушылық деп атады.

ИРНА-ның мәліметінше, ИИР Қарулы күштерінің хатшысы Масуд Джазаири жексенбі күні АҚШ-тың «Иран Ислам революциясының Сақшылар Корпусы теңіз күштерінің қайықтары мен кемелері америкалық кемелермен бетпе-бет келген кезде  қатер тудырады» деген уәждерін теріске шығарып: «ИИР азат теңіздерде халықаралық заңдарға сай әрекет жасайды. ИИР-ның су шекаралары мен экономикалық мүдделерін қорғайтын Иранның теңіз бірліктері еш уақытта трансаймақтық дұшпандар мен олардың аймақтағы одақтастарының ақпараттық қастандықтарының  тұтқынына түспейді. ИИР-ның кемелері халықаралық заңдарды толық біліп, әрқашан белгіленген стандарттар бойынша әрекет етеді.  Сондықтан АҚШ тарапынан айтылған уәждер шындыққа сай болмауымен бірге олардың Иран қарулы күштерінің күш-қуатынан қорқатындығын көрсетеді. АҚШ Парсы шығанағы аймағына жаңа кемелерін жіберген кезде оларды теңіз заңдары мен құқықтары және Иран қарулы күштерінің күш-қуатымен таныстырып жіберуі керек»,- деді.