АҚШ Израильге құны 38 миллиард долларды құрайтын көмек көрсететін болды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i14524-АҚШ_Израильге_құны_38_миллиард_долларды_құрайтын_көмек_көрсететін_болды
АҚШ үкіметі сионистік режимге әскери салада көмек көрсететін болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 14, 2016 09:24 Asia/Almaty
  • АҚШ Израильге құны 38 миллиард долларды құрайтын көмек көрсететін болды

АҚШ үкіметі сионистік режимге әскери салада көмек көрсететін болды.

«Рейтерс» агенттігінің мәліметі бойынша америкалық және сионистік хабардар дереккөзі сейсенбі күні АҚШ-тың Израильге құны 38 миллард долларды құрайтын әскери   көмек көрсетуге келіскенін хабарлаған.

Америкалық және сионистік хабардар дереккөзінің  мәліметі бойынша 10 жылдың ішінде Израильге берілетін АҚШ-тың қаржылай көмегі туралы келісімге алдағы бірнеше күнде қол қойылады.

Америкалық және сионистік хабардар дереккөзі: «Бұл келісім АҚШ-тың әскери саладағы Израильге   көрсететін ең үлкен көмегі саналады және Израиль премьер-министрі Бениямин Нетаньяхуге маңызды артықшылықтар береді»,- деп мәлімдеді.

Саяси мәселелер мамандарының пікірінше АҚШ-тың Израильге әскери көмек көрсету туралы келіссөздерінің ұзаққа созылуы АҚШ Президенті Барак Обама мен Нетаньяхудың арасындағы қайшылықтардың жалғасып жатқанының белгісі.