Қыр 15, 2016 11:17 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей «сириялық-сириялық» келіссөздердің неғұрлым тезірек өткізілуін сұрады

Ресей Сыртқы Істер Министрлігі Теһран мен Мәскеудің «сириялық-сириялық» келіссөздерді Женевада неғұрлым тезірек өткізу керектігін сұрағанын хабарлады.

ТАСС агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей СІМ сәрсенбі күні Ресей Сыртқы Істер Министрінің орынбасары Михаил Богданов пен Иран Сыртқы Істер Министрінің орынбасары Хосейн Джабери Ансари Мәскеуде кездесіп, кеңесулер өткізген соң мәлімдеме жариялап, Теһран мен Мәскеудің Сирияда орнатылған атысты тоқтату бітіміне табандылық танытып, Женевада неғұрлым тезірек «сириялық-сириялық» келіссөздерін өткізуге мүдделік танытқандарын хабарлады.

Ресей СІМ-нің мәлімдемесінде екі ел қайтаркерлерінің сәрсенбі күнгі кездесулерінде Сирияның бүкіл аумағында атысты тоқтату бітімі орнатылғаннан кейінгі жағдай туралы пікір алмасулардың өткені жарияланды.

Осы мәліметке сәйкес, Богданов пен Джабер Ансари сонымен қатар Сирия басшыларының сындарлы қатынасы мен олардың атысты тоқтату бітіміне қатысты міндеттерін орындаудағы ерік-жігерлеріне қолдау танытып, атысты тоқтату бітіміне барлық қарулы топтардың табандылық таныту қажеттіліктерін қуаттаған.

 

 

 

Тегтер