Иранның Бакудегі елшілігі армяндардың жарысы туралы түсінік берді
Иранда өткен армяндардың жарысында Қарабақ нышанының көрсетілгендігі туралы хабар таратылғаннан кейін ИИР-ның Әзірбайжан Республикасындағы елшілігі осы жөнінде түсінік берді.
Иранның Бакудегі елшілігі: «Ирандағы армяндардың спорт жарысы – бір ішкі мәселе және діни азшылықтарды құрметтеу мақсатында жоспарланған. Қатысушы елдің спорт киіміне басқа тараптың белгілері мен нышандарын салу ұйымдастырушы комитетпен үйлестірілмей атқарылған. Иранның спортты саяси мақсаттар үшін пайдалануды қолдамайтыны анық. ИИР-ның Қарабақ қайшылығы жөніндегі саясаты өзгерген жоқ. Иранның кейбір қайраткерлерінің осы елдегі армяндардың спорт жарысының өтуіне атсалысуы діни азшылыққа құрмет білдіру мақсатында жүзеге асырылды»,-деп қуаттады.
Теһранда Армяндар олимпиадасының ашылу рәсімінде қатысушы елдердің бірінің киімінде ұйымдастырушы комитетпен үйлестірусіз автономия жариялаған Қарабақтың символы белгіленіпті.
Қарабақ – Әзірбайжан Республикасының автономды республикаларының бірі. Ол Кеңес одағы құлағаннан кейін тәуелсіздік жариялады, алайда осы күнге дейін ешбір ел Қарабақтың тәуелсіздігін ресми түрде мойындамады.