Қазақстан мен Түркіменстанның мұнай өнімдері Иранның оңтүстік порттарына транзитталуда
ИИР-ның Темір жол компаниясының эксплуатациялау ісі директорының орынбасары Хосейн Ашури Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстан мен Түркіменстанның Иранның оңтүстік порттарына экспортқа арналған мазут транзиты мөлшерінің жылдың соңына дейін 300 000 тоннаға артатынын айтып:
«Биыл мордад айының соңына дейін Қазақстан мен Түркіменстанның 70 000 тонна мазуты экспортталу үшін Иранның оңтүстік порттарына транзитталды. Осы экспорттық тиелімдердің 90 пайызы Түркіменстанға, қалғаны Қазақстанға тиесілі. Экспортталуға арналған тиелімдер темір жол арқылы Орталық Азиядан Бандар-Аббасқа тасымалданады. Орта Азия елдері құрылықта шектелгендіктен өздерінің мұнайы мен мұнай өнімдерін мақсат еткен нарықтарға транзиттау үшін Иранның жолын қолдануға қатты тәуелді» деді.