Иранның футзалдан ұлттық командасы әлемнің бес дүркін чемпионы Бразилияны жеңді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i14923-Иранның_футзалдан_ұлттық_командасы_әлемнің_бес_дүркін_чемпионы_Бразилияны_жеңді
Иранның футзалдан ұлттық командасы әлем чемпионатының бес дүркін чемпионы Бразилияны жеңіп, Колумбиядағы әлем чемпионатының ширек финалына жол тартты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 22, 2016 20:35 Asia/Almaty
  • Иранның футзалдан ұлттық командасы әлемнің бес дүркін чемпионы Бразилияны жеңді

Иранның футзалдан ұлттық командасы әлем чемпионатының бес дүркін чемпионы Бразилияны жеңіп, Колумбиядағы әлем чемпионатының ширек финалына жол тартты.

Әлем чемпионатының бес дүркін чемпионы болған Бразилия сәрсенбі күні  1/8 кезеңіндегі ойындарда пенальти соққысынан кейін Ираннан жеңілді.

Екі команда заңды уақытта 3:3 есебінде тең түсіп, қосымша уақытта бір-бір голдан соғып, пенальтиге жетті. Пенальти соққыларында Иран 3:2 есебімен басып түсіп, жалпы есепте 7:6 ұпай жинап, әлемдік чемпионның бөгетін бұзып, ширек финалға шықты.

Иранның футзалдан ұлттық командасы ширек финалда Парагвай командасымен бақ сынасады.