Иранға ұшақ сатуға рұқсатнама берілді
(last modified Fri, 23 Sep 2016 03:10:28 GMT )
Қыр 23, 2016 09:10 Asia/Almaty
  • Иранға ұшақ сатуға рұқсатнама берілді

Америкалық «Boeing» компаниясы ядролық келісімнен кейін Америка мен Иран арасында сауда- саттық байланысы жанданған соң арада шамамен 40 жыл өткеннен кейін осы компанияның алғашқы ұшақтарын сатуға рұқсат алғанын ресми түрде жариялады.

Чикагода орналасқан ұшақ өндіретін осы компания өз мәлімдемесінде: "Boeing компаниясы «Iran Air» компаниясын қажетті 109 ұшақпен қамтамасыз ету шарттары туралы осы компаниямен келіссөзді жалғастырып жатқанда АҚШ- тың Қазына министрлігінің бюросынан рұқсат қағазын алды. Шетелдегі байлықты бақылау басқармасы осыдан бұрын 118 ұшақ сатып алу үшін қаңтар айында жарияланған 27 млрд долларлық бір тапсырыс аясында Иранға 17 «Airbus» ұшағын сатуға рұқсатнама берді" деді.