Арақчи: Иранға ұшақтарды тапсыру екі жақты келіссөздердің нәтижесіне байланысты
«Ортақ қадам» келісімінің орындалуын қадағалау штабының ирандық басшысы Иранға ұшақтарды тапсыруды «Iran Air» әуе компаниясының «Airbus» және «Boeing» компанияларымен келіссөздердің нәтижеге жетуімен байланыстырды.
«Ортақ қадам» келісімінің орындалуын қадағалау штабының ирандық басшысы сейіт Аббас Арақчи жексенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында «Airbus» және «Boeing» ұшақтарының Иранға тапсырылуының кешігуі туралы айтқан сөзінде: «Иранға ұшақ тапсырудың кешігуі «Iran Air» әуе компаниясының «Airbus» және «Boeing» компанияларымен келіссөздеріне байланысты. Келіссөздер әлі нәтижеге жеткен жоқ.
«Airbus» және «Boeing» әуе компаниялары бір мезгілде АҚШ-тың Қазына министрлігінен Иранға ұшақ сатуға рұқсат беруді сұраған еді. «Ортақ қадам» келісімі бойынша АҚШ үкіметі осындай рұқсат беруге міндетті. Өйткені бұл алғашқы санкциялардың бір бөлігі болып табылады» деді.
Аракчи сондай- ақ АҚШ-тың Өкілдер палатасының Иранға қарсы шешімдері туралы: ««Ортақ қадам» келісімі бойынша, егер Иранға қарсы жаңа санкция салынатын болса АҚШ президенті оған вето салуға міндетті» деді.