Қаз 18, 2016 18:37 Asia/Almaty
  • Ғасеми: АҚШ Мосулдегі амалдарында ашық әрі шынайы түрде әрекет етсін

ИИР Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Мосулды азат ету амалдарына қатысатын елдерден, соның ішінде, АҚШ-тан осы амалдарда шынайы әрі ашық болуды сұрады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні Телерадио ұйымының тілшісіне берген сұхбатында: "Ирак үкіметінің өтініші және үйлестіруімен осы елдегі лаңкестікпен күрес және ИСИМ лаңкестерін қуып шығу амалдарына қатысып отырған елдердің ниеті таза болсын және өткен қателіктерінің орнын толтыру үшін Мосулдегі лаңкестермен күресте ашық болсын" деп қуаттады. 

Ғасеми АҚШ-тың ИСИМ және басқа да лаңкестік топтарды қолдауындағы рөліне қарамастан Мосулды азат ету  амалдарында америкалықтардың қатысып отырғанына тоқталып: "Осындай жағдайда ИИР лаңкестікпен шынайы әрі ашық түрде күресуді қолдап, осы аядағы Ирактың шешімдерін құрметтейді. Ислам Республикасы  өз егемендігі мен жер біртұтастығын қорғай алатын тұрақты және дамыған Иракты көргісі келеді" деді. 

 

 

Тегтер